Отырар аудандық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

02 Желтоқсан, 2018 508 0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Отырар ауданындағы орталық ауруханаға жаңа басшы тағайындалды.

 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жылғы дәстүрлі Жолдауларында халық денсаулығын жақсартуды ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс екені атап көрсетілген. 

Осы орайда Отырар ауданындағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, аталған саладағы кемшіліктерді жою мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйры­ғы­мен аудандық орталық ау­­ру­хананың бас дәрігері қыз­метіне жаңа басшы      таға­йындалды. 

- Алдымен қызмет барысында халық тұ­­ты­­натын медициналық қызметтің сапасын жақсартып, қолжетімділікті қамтамасыз етуді басты назарға аламын. Халықтың арыз-шағымын тың­­дап, дәрігерлердің қабыл­дау­ла­ры­ның уа­­қ­­тылы жүруін қадағалайтын боламын. Бұл өз кезегінде пациеттердің дәрі­герлерге деген сенімі мен көзқарастарына әсер етеді деген сенімдемін,- дейді облыс орталығынан ауысып келген бас дәрігер Райымбек Берікұлы Тасырбаев.


.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.