Төлебилік жеке кәсіпкер «Жомарт жүрек» жобасы бойынша марапатталды

16 Желтоқсан, 2018 733 0

Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» және Түркістан» тақырыбында келелі жиын болып өтті, деп хабарлайды Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы. 

Аталған іс- шараға облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ғалымдар мен қоғамдық ұйымның өкілдері және журналистер қатысты. Іс-шара барысында Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында марапаттау рәсімі өтті. 

Атап айтар болсақ Түркістан облысы Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округінің тұрғыны жеке кәсіпкер Сахов Сайлыбай Өмірбайұлы балалар үйіне және басқада салаларға тұрақты түрде қаржылай көмектесіп жүргені үшін "Жомарт жүрек" жобасы "Туған өлке" номинациясымен марапатталды. Лауреаттарды салтанатты түрде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтады. 

Рухани шараның соңы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар», «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері» атты кітаптарының тұсаукесеріне ұласты.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.