Түркістан: Мамандар сауда орындарында азық-түлікке қатысты заңдылықтарды түсіндірді

11 Желтоқсан, 2018 584 0

Түркістан облысы, Созақ аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық гигиеналық жəне техникалық регламенттерді реттеу бөлімінің мамандары сауда орындарында тағамнан уланудың, жедел токсико-инфекциялық ауру – ботулизмнің алдын алу жайлы және фортификацияланған ұнды пайдалану заңдылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды newsroom+ тілшісі. 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыру және тағамнан болатын аурулардың алдын алу мақсатында Созақ аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық гигиеналық жəне техникалық регламенттерді реттеу бөлімінің басшысы М. Нысанбаевамен бөлім мамандары Т. Асқарова, Ә. Әбдінаби Созақ ауданындағы сауда орындарын аралады. 

Тамақ өнімдерін өндірумен, сақтаумен және сатумен айналысатын нысан иелерімен, жеке кәсіпкерлермен, сатушылармен жолығып, оларға санитарлық-эпидемиологиялық талап тар заңдылығын түсіндірді. Сонымен бірге, тағамнан уланудың себептерін, үй жағдайында консервіленген, маринадталған, тұздалған және қақталған тағам өнімдері арқылы жұғатын тағамдық ботулизм туралы ақпарат берді. Тағам өнімдерін сатумен айналысатын сатушыларға, сауда нысандарындағы халыққа тағамдық ботулизмнің даму механизмі, аурудың көріністері мен патологиялық анатомиясы және сақтану шаралары жазылған жадынамалар таратылды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.