Түркістан:Мәдениет саласының мамандары марапатталды

12 Желтоқсан, 2018 629 0

Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйінде бірқатар ауданға еңбегі сіңген тұлғаларды марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды newsroom+ тілшісі.

Сайрам ауданының 90 жылдық мерейтойына орай және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін, ҚР еңбек сіңген мәдениет қайраткері, Қазығұрт және Сайрам ауданының құрметті азаматы, Сайрам ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Темірбаев Сейдуалы Өмірбайұлы "Сайрам ауданы 90 жыл" мерекелік белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, марапат иелерінің қатарында аудандағы кітапxанашылар қауымы да бар. Атап айтсақ, «Сайрам аудандық балалар кітапxанасының» меңгерушісі Жолдасбекова Шарипа, Сайрам аудандық кітапxана жүйесінің директор орынбасары Каракузова Роза және кітапxана ісінің майталманы, ардагер кітапxанашы Нарботаева Роза "Сайрам ауданының 90 жыл" мерекелік белгісімен марапатталды. Еңбектің еленіп, марапатталған азаматтар ауданға қызмет етіп, көркеюі мен дамуына үлес қосатындықтарын айтты. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.