​«Адамзаттың асыл тұлғасы» атты мәуліт рухани кеші өтті

12 Желтоқсан, 2018 273 0

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мәуліт айына орай іс-шара өтті.

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Сарыағаш аудандық орталық мешітінің және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тұлғасы» атты мәуліт рухани кеші өтті. Аталған мерекеге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Рухани кешті Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының актері Ғалымжан Құрманбекұлы жүргізді. Рухани кеште ҚМДБ-ның өкілі құттықтау сөзден соң Құран және мәуліт оқылып, дұға жасалды. Сарыағаш медресесінің шәкірттері сахналық қойылым ұсынып, «Ару аналар» тобы мен Сержанәлі Әлібек діни әндер орындады.

Кеш соңында А.Ұтысхан мен аудан имамы Б.Қалдаров қорытынды сөз сөйлеп, рухани кешке келіп қатысқан көрермендерге алғысын білдіре отырып, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген бір отбасыға қаржылай қайырымдылық жасады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.