Төлебиде отбасылар арасында «Толағай» спорттық сайысы өтті

13 Желтоқсан, 2018 664 0

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Бақытты отбасы» айдарымен жас отбасылар арасында «Толағай» спорттық сайысы болып өтті, деп хабарлайды  Төлеби Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Аталған байқауды Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы ұйымдастырып, өткізді.

Ленгер қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде өткен жас отбасылар арасындағы «Толағай» спорттық сайысын өткізудегі негізгі мақсат - отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы ынтымағын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі отбасының қадір-қасиетін жастарға кеңінен ұғындыру. 


8-кезеңнен тұратын сайысқа сегіз отбасы қатысып, өзара бақтарын сынасты.Үнемі спортпен шұғылданып, ұрпағының қамын ойлаған адам қоғамның белсенді мүшесі болмақ.

Салауатты өмір салтын ұстанған жас отбасылар арасындағы сайыста жеңіске жетіп, ептілік танытқан Көксәйек ауылдық округінен Толегеновтер отбасы 1-ші орынды иемденсе, қалалық емханадан Жанабуловтар отбасы 2-ші орын және №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің атынан қатысқан Түйебаевтар отбасы 3-ші орын иеленді.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.