Түркістан: "Мәңгі желбіре, Тәуелсіздік туы!"

13 Желтоқсан, 2018 628 0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жыл толуына орай Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде «Мәңгі желбіре, Тәуелсіздік туы!» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы жайлы жастарға түсінік беру, желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың өмір жолдарымен танысу. Бұдан бөлек артында қалған мұраларын қастерлеу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу болды. Кездесу барысында желтоқсаншыларға сұрақтар қойылып, оқиғаның басталуына түрткі болған жағдайлар, желтоқсаншылардың талаптары, оқиғаның шиеленіскен сәті және оқиғаның салдары баяндалды.

Кездесу соңында оқиға куәгерлері тарихқа шынайы бағасын бере отырып, қазіргі Тәуелсіздігімізді қадірлеп,оны келер ұрпаққа аманат қылуды ұлағат етті. Тәуелсіздік біздің бар байлығымыз екенін жастарға ұғындырып, өз бастарынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, жиынға жиналған қауым желтоқсан оқиғасына қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жеткізді. Тәуелсіздік қарсаңында өткен бас қосу жастарға айтарлықтай ой салып, патриоттық сезімдерін оятты. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.