Танымдық-таныстыру жұмыстары жүргізілді

17 Желтоқсан, 2018 593 0

Жақында Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі МКҚК-да студенттер мен Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық Паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас мамандарының қатысуымен іс-шара өтті.

«Оңтүстік өңірдегі туризм саласының мүмкіндіктері мен болашағы» атты тақырыпта өткен іс -шараға Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық Паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас мамандары қатысып танымдық-таныстыру дәрісін өткізді.

Мамандардың түсіндіру жұмыстары Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық Паркінің жай-жапсарымен таныстыру мақсатында жүзеге асты.

Студенттерге, шараға қатысқан барлық қатысушыларға өңіріміздің табиғи мұралары жайлы да таныстырылып, туған жердің әрбір тасына дейін қадірлеп, қорғау қажеттігін, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар, әсіресе еліміздің жастарына туған өлкенің табиғатын таныстырумен қоса, оны аялауға да көңіл бөлу қажеттігін есте ұстауды тапсырды. Жастардың іс-шарадан мол ақпарат алып, өз пікірлерін де білдірісті.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.