Отырарлық өрендер халықаралық байқауда үздіктер қатарынан табылды

15 Желтоқсан, 2018 713 0

Түр­кіс­тан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уни­верситетінің «Мәде­ниет орталы­ғында» ІІ «Алаш үміті» халықаралық рухани жаңғыру фести­валі өтті. Осы фестивальде Отырар ауданының үмітін арқалап барған жас өрендер озаттар қатарынан табылды, деп хабарлайды newsroom+ тілшісі аудандық баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Аталған фестиваль М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жас ғалымдар кеңесі және А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті ұйым­дастыруымен өткізілді. Онда өнер­дің әр саласында жүр­ген үздік жас талант иелері өнер көрсетті.

Олардың қатарында Отырар ауданының атынан барған Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 1-сы­­нып оқу­шысы Зере Айбекқызы Жүнісбай мен «Темір» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Бай­болат Бердіқұл да бар еді. Өнер додасында ақтық сынға шыққан Зере Айбекқызы Жүнісбай во­кал номинациясы бойынша гран-при иегері атанып, «Алтын жұлдыз» медаліне ие болса, «Темір» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Байболат Бердіқұл да осы номинация бойынша ІІ орын иегері атанып, «Күміс жүлде» медалін мойнына тақты.

Фестивальде шәкірттері үздіктер қатарынан кө­рінгені үшін жетекшісі Салтанат Аман­байқызына «Үздік же­текші» дип­ломы табысталды. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.