Түркістан: ​Мәдениет қызметкерлері "Қаңбақ шал" ертегісін сахналады

08 Желтоқсан, 2018 595 0

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын насихаттау аясында Түркістан облысы Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық елдімекендерге "Қаңбақ шал" ертегісі қойылды. 

Жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін «Қаңбақ шал» ертегісі халықтық мәні зор шығарма. Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұл ертегіні таңдаңдағы мақсаты – жас ұрпақты алды артын ойлауға, қай істі бастамас бұрын да «жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегенді ұғындыру. 

Адал еңбекпен нан табуды насихаттап, ертегідегі «дәулердей» сараң, ақымақ, түлкі секілді ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүрмеуді үйреткісі келеді. Жылжымалы топпен шыққан мәдениет қызметкерлері аталмыш қойылым арқылы балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, жас жеткіншектерге саналы тәрбие беруді насихаттайды. "Қаңбақ шал" ертегісі қала мектептері мен барлық ауылдарда арнайы кесте бойынша сахналанбақ.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.