weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Тараз-Аренаға» Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

«Тараз-Аренаға» Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
ашық дереккөзі

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров | Жұлдыздар отбасы

"Тараз-Арена" спорт кешеніне олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілу ұсынылуда деп жазады Жамбыл облыстық әкімдігінің сайтына  сілтеме жасаған NewsRoom+ақпарат агенттігі. Облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.
"Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің ұлттық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спортты жоғары деңгейде насихаттауға қосқан үлесін атап өтіп, бұл бастаманы қолдағаны үшін халық өкілдеріне алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Спорт кешенінің атын өзгерту туралы ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болған еді.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→