weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда соққан жел сыбайлас жемқорлықты әшкереледі

Атырауда соққан жел сыбайлас жемқорлықты әшкереледі

Атырауда соққан жел сыбайлас жемқорлықты әшкереледі
ашық дереккөзі
 width= Атырау облысының прокуратурасы облыс орталығында орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы №5 қалалық орта мектепті күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі тілшісі «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап. 2017 жылы мектепте 279 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді.
«Жөндеу жұмыстарына үлкен мөлшерде қаражат бөлінгендіктен, осы жылдың наурыз айында сәл ғана соққан желден қалайша ғимараттың сырты бұзылды деген сұрақтар туындайды. Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ жұмыстың дұрыс орындалмағаны салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 млн. теңге залал келтірілген»,- облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Прокуратура жинаған материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→