Түркістан мен Татарстан цифрландыру саласында меморандум жасасты

21 Желтоқсан, 2018 806 0

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Татарстанның Қазақстандағы Өкілетті уәкілі Денис Валеев және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары Еркен Жакатаевпен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды newsroom+ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып. 

Татар елінің белді кәсіпкерлер тобын бастап келген азаматтарға, алдымен, алғысын білдірген өңір басшысы бауырлас елдерді байланыстыратын терең тарихымыз бен тілдер ұқсастығы, салт-дәстүрлеріміздің қазіргі ынтымақтастығына берік негіз болатынын жеткізді. Түркістанның жаңарып, жаңғырып жатқан тұсында ағайын татар жұртымен өнеркәсіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, сонымен бірге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, туризм, көлік және қауіпсіздік салаларына IT-технология жүйелерін енгізуде әріптестік орнатуға ынталы екенін меңзеді. Сондай-ақ Ж.Түймебаев Түркістан мен Татарстан астанасы Қазан қаласын бауырлас қалаларға айналдыру ұсынысын жеткізді.

Өз кезегінде, Татарстанның Қазақстандағы Өкілетті уәкілі Д.Валеев Түркістан облысымен көптеген салаларда ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдіріп, бауырлас ұлттардың рухани байланысы да беки түсетініне сенім артты.

Екіжақты отырыс нәтижесінде, Түркістан облысының әкімдігі мен Татарстанның «БАРС Груп» АҚ арасында инновациялық ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында ынтымақтастық меморандумы жасалды. Құжатта электронды мемлекеттік қызмет көрсетуде инновациялық ақпараттық технологияларды дамыту сынды мәселелер қамтылған.

Айта кеткен жөн, 2017 жылы Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы 700 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен. Бүгінде қос елдің кәсіпкерлері машина құрастыру, мұнайхимия, әскери-техникалық, көлік-логистикалық салалары аясында әріптестік орнатып келеді. Астаналары - Астана мен Қазан қалалары бауырлас шаһарлары болып табылса, Алматы мен Қазан әріптес қалалар саналады.

 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.