Ақтөбеде бір топ жігіттің ер адамды пышақтап кеткен видеосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)

25 Желтоқсан, 2018 941 0

Ақтөбеде желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні бір топ жігіттің ер адамды пышақтап кеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы newsroom+ порталы sn.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Instagram мен Whatsapp-та тараған видеода бірнеше жігіттің жалғыз адамға жабылып, кейін бірінің аяусыз пышақ сұққаны анық көрінеді. Тек соққыға жығылған адам камераның тасасында қалған. 

Оқиғаны ҚР ішкі істер министрлігі растап отыр. 

«Пышақ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Кезекші полицейлер дер кезінде шара қолданып, күдіктілерді тұтқындады»,  – дейді ішкі істер министрлігі Zakon.kz порталына берген хабарламасында. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Тегтер: Оқиға, Ақтөбе, пышақтау, бұзықтық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.