Аяз шаһарға да келіп жетті

26 Желтоқсан, 2018 2597 0

"Нұр Отан" партиясы Астана қаласы "Байқоңыр" аудандық филиалы қала тұрғындарына арнап ыстық шәй мен ыстық дәмдіні таратуда.
Астана қаласында күннің күрт суытып, аяз түсуіне орай «Байқоңыр» ауданының «Нұр Отан» партиясы тұрғындарды жылулыққа, мейірімділікке шақыру аясында акция ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты аудан көлемінің адам көп шоғырланған аумақтарда, көшеде көлік күтіп тұрған, еңбек етіп жүрген азаматтар тоңбас үшін ыстық шәй беріп, қаланың барлық тұрғындарын күннің аязына қарамастан мейірімділікке шақыру болатын.
"Байқоңыр" аудандық Жас Отандықтар барлық көшелерді аралап ыстық шәй ұсынып, көңілге жылулық сыйлауда. Шара Елордаға келген үш күндік циклон аясында үш күн уақытында өтеді.
«Нұр Отан» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы акция аясында барлық қала тұрғындарын таңертеңгілік және кешкілік жұмыс уақытында азаматтарды тегін жеткізуге, жастарды қайырымды іс жасап мейірімділік көрсетуге және «ыстық шәй» акциясына қатысуға шақырады.
Ағымдағы уақытта Астана қаласы ауа райының көрсеткіші -29, сезілу көрсеткіші – 45-ті көрсетуде. Түнге қарай тағы көтеріледі деген болжам бар.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.