Spectrum international school: Айшолпанға 20 мың АҚШ долларына шақталатын грант бөлінді

29 Желтоқсан, 2018 922 0

Биылғы жыл Айшолпан есімді Монғолия елінде дүниеге келген қазақ қызының жұлдызы жанған жыл. Ай маңдайлы қаршадай қыз көшпенділерге тән төл спорттың шебері.

Осыған сәйкес Айшолпанның тарихи отаны оны төбесіне тұтып, талай сыйлықты ұсынған еді. Алайда бұл үрдіс тоқтады деу әбестік.

Қазіргі таңда Айшолпан Қазақстанда білімін толықтырып жатыр. Нақтылай кетсек болмысынан бөлек туған қандасымыз елордадағы Spectrum international school мектебінде білім алуда. Бұл үшін БИҚ -тан (білім инновациялық қоры) арнайы 20 мың АҚШ долларына сай келетін білім гранты бөлген екен.
Бүркітші қыздың бабалар қонысына келген сапары оң болсын деп тілек білдіреді newsroom+ порталының ұжымы,

Тегтер: Айшолпан, Бүркітші, Қазақстан, Монғолия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.