Қазығұрт ауданы Ақбура туристік сауықтыру орталығын электрмен жабдықтау бақылауда.

29 Желтоқсан, 2018 1054 0

2018 жылдың 20-ы желтоқсанындағы сағат 18:00-де «Еуразия1» және сағат 20:00-де «Қазақстан» телеарналарындағы нысан бойынша сыни материалына байланысты:
Нысан құрылысы 2012 жылы жүргізіліп пайдалануға қабылданған. Мердігер мекеме «Анкор-2» ЖШС болып табылады. Келісім шарт бойынша кепілдік мерзімі 3 жыл. Бұл туралы newsroom+ порталы Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 
Электр жүйесінің ұзындығы 14,9 шақырымды құрайды. Қойылған жалпы бағаналар саны 229 дана. Сол бағаналардың 6-ы (нөмірлері 75,203,204,210,212,213) түбінен сынып, құлаған. 7-і (нөмірлері 181,182,190,222,223,229,230) түбі босап, қисайғандығы және тартылған электр  желісі (сип кабель) үзілмей, іске жарамды екені анықталған. 
Бұл бағаналар негізінен қыратты тау бөктерінде орналасқан. Осыған орай, қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін арнайы техника жүре алмауда. 
Сонымен қатар, «Ақбура» әулие қасиетті орнына зияратшылардың жылдың жазғы мезгілінде көптеп келетіндігін ескере отырып, аудан әкімдігіне құлаған, қисайған электр бағаналарын 2019 жылдың I-жартысында қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілетіндігі түсіндірілді. Жағдай тұрақты.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Әжем айтып еді...

25 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.