Мұнай бағасы көтерілді

03 Мамыр, 2018 47 0

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NewsRoom+ тілшісі. 

Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,23 долларға жоғарылап, баррелі 73,36  доллар болған. WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны маусым айындағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,68 долларға қымбаттап, баррелі 67,93 долларға жетті.

Тегтер: мұнай, әлем, баға

Пікір қалдыру