Ақышев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдерге үй бұйыратынын айтып берді

04 Мамыр, 2018 122 0

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасы аясында қалай үй алуға болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Біріншіден, алғыңыз келетін үйді таңдау керек. Бағдарламада үйдің шекті бағасы көрсетіледі. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін үйдің шекті бағасы - 25 млн теңге", - дейді Ақышев сенат тыңдалымында.

Өзге аймақтар үшін үйдің шекті бағасы 15 млн теңге болмақ. Құжаттарды қазақстандықтар банктерге өткізуі тиіс. Ал бұған құзырлы банктер тізімін Ұлттық банк анықтайтын болады.

Қандай талаптар қойылатыны да әзірге талқылануда.

"Кредитті төлеуге мүмкіндік беретін табыс болуы керек", - дейді Ақышев.

Банк төрағасы бағдарламаға қатысушының үйі болмауы керек деген талаптың әлі қарастырылып жатқанын алға тартты.

Тегтер: қолжетімдібаспана, үй, пәтер, экономика

Пікір қалдыру