Сондерс: Головкин айқасудан қашқақтап жүр

05 Мамыр, 2018 211 0

Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) қазақстан қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жек өткізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz. «Бұрынырақ менің бабым болмаған кезде, Головкинмен жекпе-жекті маған бермеді. Соңғы айқасымнан кейін же (оған) лайықты қарсылас болып көрінген жоқ сияқтымын. Егер ол рингте менімен кездескісі келсе, былтыр маған қарсылас ретінде қарау керек еді деген ой мені мазалайды», - деді Сондерс Box Nation-қа берген сұхбатында. Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Оған барлық дивизиондағы белбеулерді біріктіру үшін жетпей тұрған жалғыз титул - (WBO) Сондерсте. Геннадий 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жекпе-жек өткізеді. Сондерс 23 маусымда отандасы Мартин Мюрреймен (36-4-1, 17 КО) рингте кездеседі. 

Фото: investing.com

Тегтер: сондерс, головкин, спорт, бокс

Пікір қалдыру