Астанада жастарға арналған ресурстық орталық ашылады

16 Қаңтар, 2019 962 0

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалы «Жастар жылы – 2019: Жас. Жалын. Жаңғыру» тақырыбында жастармен бейресми кездесу өткізді.

Кездесуге мемлекеттік емес ұйымдар басшылары, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының ғылым жолында жетістікке жеткен жастар, «100 жаңа есім» жобасының мүшелері, спортшы жастар, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, рухы мықты жастар, жұмыскер жастар, оқу ордаларының жастар ісі жөніндегі комитет басшылары,

«Жас ұлан» Жастар қозғалысының мүшелері және т.б. жастар өкілдері қатысады.  

Шараның мақсаты елбасы, Ұлт көшбасшысы

Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялауы аясында барлық саланың жастарын бір ортаға жинап, жастардың әлеуметтік және қоғамдағы сан алуан мәселелерінің шешімін талқылау.

Ісшара қонағы «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының Төрағасы, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Каналимов Ерлан Ермекұлы болды.

Кездесу аясында Ерлан Каналимов аудандық деңгейдегі

«Жастар – Отанға» атты көшбасшы жобаны ұсынды. Жобаға

1. Жастар жылы аясында «Байқоңыр» ауданына қарасты жастар ресурстық орталығын ашуды.

2. Қазіргі қоғам жаңашылдыққа негізделген, сол себепті «Байқоңыр» ауданына қарасты әр саланың жастарын бір ортаға жинайтын каворкинг орталығын ашуды.

3. Елбасы өз сөзінде «Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады», - деді. Ендеше «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорымен бірлесе, «Жас кәсіпкерлерді қолдау» орталығын құруды.

4. XXI ғасыр, технология ғасыры деп аталды. Осы орайда «Байқоңыр» ауданына қарасты Сауда экономикалық және тағы басқа колледждер аясында жастарға тегін  IT – орталығын ашуды.

5. «Жастар жылы - 2019: Жалын. Жасампаздық. Жаңғыру» Жастармен еркін форматта жастар лагерін ұйымдастыруды.

6. Студент жастардың арасында стартап конкурстар ұйымдастыру және оларға қолдау көрсетуді.

7. Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бойынша бірқатар жобалар құруды.

8. Жастар арасында шығармашылықты дамыту аясында спорттық, интеллектуалдық бастамаларды ұйымдастыруды.

9. Жастардың рухани жаңғыруы аясында арнайы аудиториялардағы (арнайы мектептер, балалар үйі, әскери мекемелерде) жастарға құндылықтар туралы арнайы дәрістер, сұхбаттар, кездесулер өткізуді.

10. Сондай ақ, осал топты жастармен жұмыс кешенін ұйымдастыру бағыттары ұсынылып, жастар жылына жоспар етіп қойды.

«Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхамеджан Болысбек «Бүгінгі шараның жастар үшін берері көп. Қазіргі таңда жастардың мәселелерін талқылап, шешімін шығаратын ашық алаңдар жетіспейді. Осыған орай, дәстүрлі түрде әр тоқсанда аудан жастарымен басшылардың ашық алаңын ұйымдастыратын боламыз», - деді.

Сондай ақ, ісшара соңында «Байқоңыр» аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Темірлан Махметов «Байқоңыр» ауданының жастары атынан, Елорданың барлық аудандық филиалдарына және еліміздің жастарына үндеу жариялады.

 

Тегтер: жастар, орталық, НұрОтан, Астана, Байқоңыр

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.