2019 жастар жылы: жас көшбасшы пікірі

19 Қаңтар, 2019 4328 0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл - Жастар жылы деп жарияланды. Жастар қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал болашақ бүгіннен басталады! Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және бізге артылған үміт пен сенім. 

Біз, Қазақстан студенттері Елбасымыздың барлық бастамаларын әрдайым, толықтай қолдап артылған сенім мен үмітті ақтаймыз. Бізге беріліп жатқан мүмкіндіктерді өз дәрежесінде қолданып, инновациялық теxнологияларды дамытуға, руxани жаңғырған ұрпақ болуға уәде береміз. 

Ұлттық болмысымызды, тарихымызды сақтап қана қоймай, жаңа заманға бейімделген, жан-жақты дамыған жас азамат болу - ертеңіміздің көрінісі. Жастар жылы бізді көптеген жаңа бастамаларға итермелеп, мәңгілік ел болуда жас ұрпақтың рөлін айқындайды.

 Құрметті жастар! Барлығымыз жастық шақта құндылықтар жүйесін қалыптастыратын кезең келді! Биылғы жыл біз үшін жетістіктерге толы болмақ. Жастар жылын абыроймен атқарып, жаңа белестерді бағындырайық!

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттері альянсы көшбасшысы.


Фото: ашық интернет көзінен.

Тегтер: жастар, 2019, жарлық, президент, альянс, студенттер, көшбасшы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.