Танымал кәсіпкер инвестиция тартудан «чемпион» болуды көздейді

07 Мамыр, 2018 251 0

Белгілі қазақстандық кәсіпкер және филантроп Оралбек Ботбай ел экономикасына үлес қосу мақсатында, қытайлық кәсіпкерлермен тізе қосып еңбек етуді қолға алды деп хабарлайды «Source Energy» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.

Осы мақсатта ол жуырда қытайлық әріптестерімен бірлесіп, еліміздің Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Шымкент қалалары мен ОҚО, Бәйдібек аудандарымен келіссөз жүргізіп, «Jiangsi Yimei Mei Project Co., Ltd» компаниясының алдыңғы қатарлы заманауи технологияларын ел игілігіне пайдалану мақсатында үш тарапты меморандум бекітті. 

Мысалы, Орал қаласының «Smart City» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін және қаланың энергетика саласын (көшелерді жарықтандыру) дамыту бойынша қала әкімі Мұрат Мұқаевпен де үш тарапты меморандумға қол қойылды. Айта кететін жайт, ауқымды шараларды атқару барысында Оралбек Қожамжарұлы басқарып отырған «Source Energy» ЖШС компаниясы билік пен инвесторлар арасында тиімді оператор қызметін атқарып отыр.  

О.Ботбайдың сөзінше, ол басқарып отырған компанияның алға қойып отырған мақсаттарының бұл бір бағыты ғана. Болашақта күн энергиясынан бөлек жел және ағын суды тиімді пайдаланып, жаңартылатын энергия көздерін де өндіріп, алыс-жақын шетелдегі алдыңғы қатарлы компаниялармен де жұмыс істеу көзделуде. 

«Jiangsi Yimei Mei Project Co., Ltd» компаниясының Бас директоры  Yuan Lin-нің пікірінше, Тайчжоу қаласынан келіп отырған олардың бұл - Қазақстан тарапымен қолға алып отырған ең бірінші ауқымды жобалары. Сондықтан, алдағы жылдары бұдан өзге де инвестициялық жұмыстарды жалғастыра бермекпіз – деді қытайлық компания басшысы. 

Ескере кететін жайт, халық арасында «Атымтай Жомарттығымен» аты танылған Оралбек Қожамжарұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған жайттарға қолдау білдіріп, түрлі тарихи экспедицияларға демеу танытып келеді. Жуырда айтылған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясында еліміз бен шетелдерде оқитын студенттерге шәкіртақы тағайындау ісін жалғастыра бермек. 

 

Тегтер: оралбекботбай, инвестиция, қытай, қазақстан, күнэнергиясы

Пікір қалдыру