Тілші қыз тікелей эфирде өзіне тиіскен футбол жанкүйерін «ұрып» тастады

07 Мамыр, 2018 294 0

Журналист тікелей эфирде футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды, деп хабарлады РИА Новости-ға сілтеме жасаған tengrinews.kz. 

Агенттіктің хабарлауынша, Fox Sports Mexico каналының тілшісі Мария Фернанда Мора тікелей эфирде өзіне тиіскен жанкүйерді қолындағы микрофонмен ұрған. Оқиғаның видеосы YouTube каналында жарияланды. Мора Гвадалахара қаласындағы стадионда өткен матчтан кейін репортаж жүргізіп тұрған, ол кездесуде жергілікті команда Торонто клубын жеңді. Журналисті жанкүйерлер қоршап алып, артында тұрған ер адам оған қол жүгірткен. "Мора оператордың сюжетті аяғына дейін түсіруіне мүмкіндік беріп, ол аяқталған соң артында тұрған жанкүйерді микрофонмен бірнеше рет ұрып, бірдеңе айтты. Ол да жауап беріп, кетіп қалды", - делінген жарияланымда. Тілші өз қылығы үшін өкінбейтінін Twitter арқылы жазған. "Бейсенбіде менімен болған жағдай қоғамдық орындарда мыңдаған әйелдің басынан өтеді. Айырмашылығы, бұл жағдай менің басымнан тура тікелей эфир кезінде өтті және мен өзімді қорғайын дедім", - деп келтірді оның сөзін Daily Mail. Twitter қолданушылары #UnaSomosTodas (Бәріміздің біріміз) хэштегі арқылы журналистке қолдау көрсетті.

Тегтер: журналист, тілші, футбол, фанат, мексика, мехико

Пікір қалдыру