Елбасы алдында сөз сөйлеген 27 жастағы көп балалы анаға баспана берілді (Видео)

25 Қаңтар, 2019 838 0

Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатты шарасы кезінде Елбасы алдында сөз сөйлеген 27 жастағы көпбалалы ана Жазира Тұрғыноваға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев баспана берді. Бұл туралы newsroom+ порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Бұл қуанышты жаңалықпен Facebook парақшасында Сәбит Тастанбек бөлісті.

Облыс басшысы батыр анаға Төле би ауданы Ленгір қаласынан төрт бөлмелі баспананың кілтін табыстаған.

Облыс әкімі жеті баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ананы құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.

«Бүгінгі жас қыз-келіншектер өзіңіздей батыр аналарға еліктеп өсуі керек. Өйткені, халықтың санын көбейтер өзіңіздей алтын құрсақты аналар. Елімізде сіз секілді батыр аналарымыз арта берсін. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Бүгінгі баспанаңыз құтты болып, ұл-қыздарыңыз көбейе берсін», – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде сөз алған Жазира Тұрғынова жанұясының атынан алғыс білдіріп, барлық жас аналарды халық санын көбейтуге шақырды.

Айта кетер болсақ, Жазира Тұрғынова - Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны. 27 жасында жеті баланың анасы атанған келіншек көпке үлгі болып жатыр. Бүгінде үш қыз, төрт ұл тәрбиелеп отырған ол тұңғышын 18 жасында босанған.

Жазираның үлкені 11 жаста болса, кішісі Алихан жеті айлық.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада жастар жылының ашылуына келген 27 жастағы Жазира Елбасы алдында сөз сөйлеп, жас отбасыларға көпбалалы болудан қорықпау керектігін айтқан болатын.


Тегтер: Жансейіт, Түймебаев, кө, балалы, ана, үй

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.