Шымкентте 10 сынып оқушысы ғашығы үшін көпқабатты үйден секірді

10 Мамыр, 2018 184 0

Шымкентте сүйіктісімен сөзге келіп қалған оныншы сынып оқушысы көпқабатты үйлердің бірінен секіріп, қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ сілтеме жасаған NewsRoom+.

Ол тоғызқабатты үйден өзін-өзі төменге тастап жіберген. Қайғылы жағдай 7 мамыр күні қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Сол маңда болған куәгерлердің айтуынша, суицид жасаған жеткіншек сүйіктісімен сөзге келіспей қалған. Өз-өзіне қол жұмсаған жігіт оқиға орнында тіл тартпай кетті.

 

Әзірге ішкі істер органы қайғылы жағдайға байланысты ақпарат таратпады. Оқыс оқиға болған аумақта әлі күнгей дейін қан іздері жатыр.

Тегтер: шымкент, оқысоқиға, криминал, ғашық

Пікір қалдыру