Астанаға Snoop Dogg пен 50 Cent келеді

12 Мамыр, 2018 126 0

7 шілде күні Астана қаласында ауқымды бокс кеші өтеді деп жазады Қазақпарат.

«АҚШ және өзге де мемлекеттердің кәсіпқой рингтеріне шыға алатын қазақтандық боксшылар аз емес екендігіне сенімдіміз, алайда оларға өздерін көрсете алатын мүмкіндік қажет. Мен тек жеңіс үшін емес, отандық жас боксшыларға жол ашып беру үшін Астанада рингке шығатын боламын», - деді Шүменов.

Кешті белгілі ринг-анонсер Майкл Баффер жүргізбек. Роберто Дюран, Эвандер Холифилд, Хуан Мануэль Маркес, Дэвид Хэй, Хорхе Линарес сынды кәсіпқойлар арасындағы бұрынғы және қазіргі чемпиондар шараның арнайы қонақтары атанбақ.

Snoop Dogg, 50 Cent, Тимати мен Қайрат Нұртас кеште ән айтатын болады. Еске сала кетейік, 7 шілде күні Астана қаласында Бейбіт Шүменовтің кәсіпқой рингтегі ұзақ үзілістен кейінгі кеші өтеді. Елорда төрінде әлемнің ең мықты 16 боксшысы айқасады.

Тегтер: SnoopDogg, 50Cent, Тимати, ҚайратНұртас

Пікір қалдыру