Қазақстанда картоп, пияз, қарақұмық бағасы арзандады

03 Ақпан, 2019 758 0

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарында азық-түлік өнімдерінің бағасы 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда орта есеппен 5,8% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде нан өнімдері, жармалар, ет, балық, теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитер өнімдері, алкогольды және алкогольсыз сусындардың бағасы көтеріліп, жеміс-көкөніс арзандай түскен. Астықтардың бірінің бағасы көтеріліп, басқасы арзандады. 

Мәселен, биылғы қаңтарда 1 кг күріштің орташа бағасы 317 теңге болды, былтыр 287 теңге болатын. Ал былтыр 301 теңге болған қарақұмықтың бағасы биылғы қаңтарда 246 теңгені құрады. 1 кг қанттың орташа бағасы қаңтар айында 240 теңге болды, былтыр ол 194 теңге еді. 

Көкөністерден: 1 кг картоптың бағасы 2019 жылдың қаңтарында орташа 86 теңге болды, былтыр 121 теңге еді, қырыққабат - 106 теңге (81 теңге), пияз - 78 теңге (96 теңге), ал сәбіздің бағасы орташа 97 теңге (116 теңге) болды. 

Асхат Ахметбеков




Тегтер: қазақстан, азық, түлік, картошка, қарақұмық, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.