ҚР ПМК Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі тағайындалды

12 Мамыр, 2018 206 0

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Мәрлен Болатбекұлы Ибраев Премьер-Министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz. Мәрлен Ибраев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, 2002 жылы - "Әділет" жоғары құқық мектебінің құқықтану академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Лейпциг университетінде еуропалық интеграция құқығы саласында магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2002-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі құрылымында, 2006-2007 жылдары - "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да еңбек еткен. 2007-2010 жылдары банк секторында қызмет атқарған. 2010-2016 жылдары ҚР СІМ Халықаралық-құқық департаментінің үшінші хатшысы лауазымын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Швейцар Конфедерациясындағы Елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. 2016-2017 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі. 2017 жылдың мамыр айынан бастап - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісінің орынбасары.

Тегтер: мәрленибраев, өмірбаян, тағайындау, қр, астана

Пікір қалдыру