Головкин орта салмақта аты аңызға айналған Хаглердің жолымен жүрген жоқ

06 Ақпан, 2019 528 0

Miamiherald.com сайты   қазақстандық боксшы Геннадий  Головкинді  орта салмақта кезінде аты аңызға айналған америкалық Марвин Хаглермен салыстырды, деп хабарлайды Sports.kz.


«Хаглер рингке қайта оралуын сұраған барлық ұсыныстардан бас тартып,  33 жасында бокстан кеткен еді. Ал Головкин бұл жолмен жүрген жоқ. Ал енді 36 жасында Альвареспен айқасқаны мақтауға тұрарлық. Оның үшінші жекпе-жегі  де қисынды»,-деп жазды басылым.

Еске сала кетсек, өткен жылы Головкин орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Бірақ қазір ол өзінің барлық белбеулерінен айырылды.


Тегтер: Гловкин, Альварес, бокс,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.