Ақжүрек Таңатаров қызметке тағайындалды

15 Мамыр, 2018 914 0

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысына қарасты «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақжүректің туысқан ағасы, белгілі әнші, эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында мәлімдеді. «Ақжүрек інім Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен «Облыстық мамандандырылған балалар пен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып тағайындалды. Інімнің ісіне береке беріп жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын», - деп жазды Досымжан Таңатаров.

Тегтер: ақжүректаңатаров, досымжантаңатаров, тағайындау

Пікір қалдыру