Қалмұханбет Қасымов қайда кетті?

12 Ақпан, 2019 5732 1

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Президент көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твирттерде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы - заңгер. Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылдан бастап - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылдан бастап - Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Тегтер: Қалмұханбет, Қасымов, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Раисе 12 Ақпан, 2019

Мендегі пікір жер мəселесінде: жер өзге елдің немесе өзге ел тұрғындарының меншігіне, немесе, жалдауына өтіп кетпесі үшін, жерді өз еліміздің азаматтары қатарынан құрылған ұйымдар құрып, соларға жалға беру керек. Мемлекет өзі бұл мәселені қолына алып, ұйымдастыру шараларын жүргізсе дұрыс болар еді. Совет заманындағы совхоздар дұрыс еді ғой. Бір шаршы метр де жерді қытайлықтарға да, өзгелерге де бермеу керек. Өзгелерді, əсіресе, қытайлықтарды жерге жолатпау керек. Олардан қорықпаған дұрыс. АЛЛАҺЫМНАН ғана қорқу керек. Дұрыс талап қойып жатырған өз халқымызбен күрескенше, шетелдіктерден, өз елінде біздің қандастарымызды қорлап жатырған қытайлықтардан барынша қорғану керек.