Жастар отбасылық бақытты бірінші орынға қояды

18 Ақпан, 2019 660 0

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде осылай деді

Министрдің айтуынша, жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері отбасылық бақыт ең маңызды екенін көрсетті (70,9%). Екінші орында - денсаулық (64,3%). Үшінші кезекте – материалдық жағдай және байлық (30,2%).


«Тағы айта кететін жайт, Қазақстан Жастар прогресінің индексі рейтингінде 102 елдің ішінде 63 орынды иеленді. Жаһандық индексте Қазақстан жастарының дамуы 183 елдің ішінде 61-ші орында. Біздің еліміз жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешетін елдердің тізіміне кіріп, әлемдегі білім беру индексі бойынша 35-ші орынды иеленді», - деді Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.

Бұған дейін министр «біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастаған жоқпыз» деген еді. Сондай-ақ, «жастар арасындағы суицид әлі де өзекті» екенін айтқан болатын.

Атап өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Тегтер: жастаржылы, отбасы, министр, бақыт, индекс, білім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.