Ақмола облысы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында меморандум жасалды

20 Ақпан, 2019 2348 0

Ақмола облысының делегациясы жұмыс сапарымен БАӘ барып қайтты. Сапардың мақсаты — өңiрдiң тауар өндiрушiлерiнiң экспортын дамыту және инвестициялар тарту.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Әмiрлiктiң билеушiсi шейх Сауд бен Сакр Әл Касиммен кездестi. Кездесу барысында Ақмола облысы мен Рас әл-Хайм әмiрлiгi, «Атамекен» кәсiпкерлер палатасы мен РАК сауда-өнеркәсiп палатасы, «Есiл» ӘКК мен «Rakez» арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы екiжақты келiсiмдерге қол қойылды.

Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшiн астық пен ұн, ет және ет өнiмдерi өндiрiсi мен экспорты, дәндi дақылдарды терең қайта өңдеу, сондай-ақ БАӘ-ден Қазақстанған туристер тарту перспективалы бағыттар ретiнде аталды.

2017 жылы Ақмола облысы мен БАӘ арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемi 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 5 есе, 2018 жылы — 61% артты. Бүгiнгi таңда Ақмола облысы БАӘ-ге отандық өндiрiстiң ұнын сәттi өткiзiп отыр, алдағы уақытта ет өнiмдерi мен астық жеткiзудi жолға қою жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Атбасар ауданынан қазiрдiң өзiнде 800 тоннадан аса ұн экспортталды. Араб тарабы атап өткендей ақмолалық ұнның артықшылығы оның тұрақты жоғары сапалылығы, сондай-ақ, экологиялылығы және тазалығы болып табылады.

Сапар барысында делегация «Джулпар» фармацевтикалық зауытында және «РАК Керамик» өндiрiстiк объектiсiнде болды.

Сонымен қатар, бұл күндерi БАӘ-де Ақмола облысының ең танымал шығармашылық ұжымы, көптеген республикалық және халықаралық фестивальдердiң лауреаты «Гәкку» би ансамблi жүр, ол Шарджа қаласында «Қазақ мәдени мұрасының апталығына» қатысуда. Ал Дубай қаласында «GulFood — 2019» халықаралық мамандандырылған көрмесi өтуде, онда өңiрiмiздiң iрi тауар өндiрушiлерi «INTER TRADE» ЖШС және «Астана Агро Продукт» ЖШС өздерiнiң ұн және ет өнiмдерiнiң ассортиментiн таныстырды. 

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: меморандум, араб, ет, ұн, өнімдер, экспорт, импорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.