Вайнер Мейіржан Төребаевтың сынына жауап

21 Ақпан, 2019 793 0

Қазақстан кинематографистері одағының төрағасы, режиссер Ермек Тұрсынов отандық киноның келешегі туралы сөз қозғап, «Қазақфильмге» байланысты жақында айтқан вайнер Мейіржан Төребаевтың сынына жауап берді. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Режиссердің айтуына қарағанда, кино туралы талқыланатын болса, ең алдымен Асанәлі Әшімов секілді халық мойындаған азаматтарды тыңдау керек.  

«Мен сол вайнерге жауап бергім келеді. Бәрі бір-бірімен байланысты. Түсіріліп жатқандардың бәрі кино емес. Кітап дүкеніне түсіп жатқанның бәрі де әдебиет емес былайша айтқанда... Кітап дүкеніне кірсең, Мұхтар Әуезов, Мұқағалиларды көресің. Біз мында бәріміз - облыстық мәдениет басқармаларының басшыларының бәрі отырмыз. Не дегім келеді: жастармен кездесу керек. Адамдарды шақыру керек. Олардың бәрі де әлеуметтік желіде. Біз болсақ, әңгімені осында талқылаудамыз», - дейді режиссер. 

Дерек көзі: inform.kz

Тегтер: вайнер, кино, актер, «Қазақфильм», вайн

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.