Шәмшидинова мұғалімдердің жалақысы қалай өсірілетінін айтты

05 Наурыз, 2019 892 0

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Жалақының 30 пайызға дейін өсуі алатын жалақысына байланысты сараланады. Біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Коэффициенттері анықталуда. Әрі қарай ақпарат қолжетімді болады. Қазір, мысалы, ең төмен жалақы алатындар туралы айта аламын. Мысалы, үшінші дәрежедегі санитарлық техниктің жалақысы 48 мың теңгеден 64 мыңға дейін өседі», - дейді Күләш Шәмшидинова. 

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджет саласындағы төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын арттыруды тапсырған еді. 

Төлем биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады. 

Тегтер: шәмшиденова, министр, қызметкер, мұғалім, жалақы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.