Хиджаб киген тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы әлемді мойындатты

12 Наурыз, 2019 856 0

"Мұз ханшайымы" Захра Лари – хиджаб киіп, халықаралық деңгейде жарысқа қатысып жүрген БАӘ-нің алғашқы мәнерлеп сырғанаушысы

Захра Лариді "мұз ханшайымы" деп атап кеткен. Бойжеткен мәңгі жаз ел Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниеге келсе де, мұз айдынға ғашық болыпты. Ал болашақ мамандығы қоршаған ортаны қорғауға байланысты.

Спортшы қыз ерекше киім үлгісімен БАҚ назарын бірден өзіне аударды: жарысқа шыққан кезде басынан орамалын тастамайды. Жігерлі мәнерлеп сырғанаушы барын салып жаттығып, жоғары жетістіктерге жетіп жүр.  


Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/photo/20190311/9545778/hijab-manerlep-syrganaushy-lara-zahra-foto.html

Тегтер: спорт, мәнерлепсырғанау, хиджаб

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.