Елбасы Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

15 Наурыз, 2019 578 0

NewsROOM+. Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен "Zayed Sports City" стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды newsroom.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Биылғы 14-21 наурыз аралығында Абу-Даби қаласында өтетін Арнайы Олимпиада ойындары – Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы.

Бұл шараға әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысуда.

Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.


Тегтер: олимпиада, елбасы, абу-даби, іс-сапар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.