Қолдауға тұрарлық шешім

22 Наурыз, 2019 398 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы есімі тəуелсіз Қазақстан елордасының авторы-архитекторы ретінде тарих беттеріне алтын əріптермен жазылды. 

Астана Қазақстанның ұлттық құндылығына, ал оның дамуы тұтас ел дамуының үлгісіне, тəуелсіздігінің символына жəне Елбасы бастамаларының табысты жүзеге асырылуының көрінісіне айналғанын батыл айтуға болады. Бүгінде астана – Шығыстың озық дəстүрлері мен Батыстың серпінді үдерістерін бойына сіңірген қала.

Сондықтан Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуымен бірге, елорданы асқақтатудағы Елбасының ерен еңбегінің символы болып табылатын астанамыздың Нұр-Сұлтан атауын иемденуі бізді қатты толғанысқа түсірді. Мен басқаратын «Елнұр.Г» ЖШС-гі ұжымында жұмыс істейтін 28 жұмысшысы Елбасының ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жасалып жатқан көптеген игілікті істердің куәгерлері ретінде астанамызға Елбасы есімінің беруін қуаттаймыз!

«Елнұр.Г» ЖШС-нің төрағасы

Ғ.Қапалбаев

Тегтер: Түркістан, Нұрсұлтан, есім, Астана, кәсіпкер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.