Корпустық жиһаз фабрикасы Астананың Нұр-сұлтан болып өзгеруіне қолдау көрсетті

22 Наурыз, 2019 577 0

Қазақстан халқы 19 наурыздан бері үлкен саяси-тарихи оқиғаның куәсі болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемге әйгілі ұлы тұлға болып қала беретіні сөзсіз.

 Елбасымыздың саясатының арқасында мемлекет тарапынан кәсіпорындарға түрлі қолдау көрсетіліп келе жатыр. Астанаға қанша еңбегі мен күші кетті, осы күштің арқасында қазіргі таңда елордамыз дамыған қалалардың, әлемдік ірі орталықтың бірі болып табылады.

 Мен жеке кәсіпкер ретінде және де «Корпустық жиһаз» фабрикасындағы 120 дан астам жұмысшыларының атынан елорданың тұңғыш Президентіміздің құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертілуін қолдайтынымызды білдіргім келеді.

Кәсіпкер Исхаков Сабыржан

Тегтер: Елбасы, Астана, есімінберу, Нұрсұлтан, Түркістан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.