Ақтөбеде мектеп оқушысы көлік астына түсіп қаза тапты

26 Наурыз, 2019 472 0

NewsROOM+. 24 наурыз күні адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды newsroom.kz Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қобда тас жолында Opel автокөлігінің жүргізушісі Едіге батыр даңғылымен жүріп келе жатып, басқарусыз тұрған жаяу жүргіншілер жолағында, жолдан өтіп келе жатқан кәмелетке толмаған екі баланы, 9 сынып оқушыларын қағып кеткен.

ЖКО нәтижесінде кәмелетке толмағандар балалардың бірі алған дене жарақаттарынан апат орнында көз жұмса, екінші бала ЖШККА жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Медициналық сарапатаманың шешімі бойынша 20 жастағы жүргізуі "мас болмаған". Ол Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 345 "ҚР ЖЖЕ бұзу" бабына сәйкес сот алды тергеу басталды.

Жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен 30 ЖКО болып, 27 бала әртүрлі дене жарақаттарын алған.


Тегтер: ақтөбе, жолапаты, оқушы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.