Құны 25 миллион еуро тұратын Пикассоның жоғалған картинасы табылды

27 Наурыз, 2019 412 0

NewsROOM+. Өнер туындысы 1999 жылы саудиялық шейхтың кемесінен ұрланған.

Ұрланған живопись туындыларын іздеп, табуды мақсат тұтқан голландық Артур Бранд Пикассоның осыдан 20 жыл бұрын қолды болған суретін тапты.

BBC ақпарына сәйкес өнер әлемінде Индиана Джонсон деген никке ие Бранд аталған портрет ұзақ жыл бойы Голландияның қылмыс әлемінде қолдан қолға өтіп келгенін айтады. Өнер туындысы 1999 жылы саудиялық шейхтың кемесінен ұрланған.

«Дора Маар» (Әйелдің кеудесі) деген атауға ие картина 1938 жылы салынған; қазіргі уақытта құны 25 миллион еуроға бағаланады.Дора Маар жеті жыл бойы Пабло Пикассоның көңілдесі әрі музасы болған. Портрет суретшінің үйінде өзі өмірден өткенге дейін яғни 1973 жылға дейін ілініп тұрған.

Қолды болған құнды заттарды іздеп табушы турасында

Артур Бранд өткен жылы апостол Марктың суреті бар византиялық мозаиканы тауып алып, назарға іліккен еді. Туынды 1970 жылдары Мысырдағы шіркеуден ұрланған.

2015 жылы Бранд ұлтшыл мүсінші Йозеф Торактың екі қола мүсіні «Гитлердің тұлпарларын» тауып алып, әлемдік кеңістікте танымалдыққа ие болды.

Брандтың сөзінше Пикассоның картинасы қару-жарақ және есірткіге қатысты қылмыстық келісімшарттарда кепіл ретінде қолданылған.

De Volkdrant голландиялық басылымына берген сұхбаты барысында Бранд «Көбі картинаның көзі жойылды деп есептеді – көбіне өнер туындылары қолды болғанда адамдардың 90%осындай пікірге келеді. Өйткені, туындыларды сатылымға шығаруға болмайды», - деген. Оның айтуынша картина өзінің қолына түскен күні ол портретті қабырғаға іліп қойып, бір күн бойы көз алмай, сүйсінген.

Картина қалай табылды

Қолды болған картинаны іздеу жұмыстарын Бранд 2015 жылы бастаған. Бұған түрткі болған Голландияның қылмыс әлемінде өрбіген әңгімелер. Сол сәтте Бранд кімнің картинасы турады әңгіме жүріп жатқанынан хабарсыз болған. Ақыр соңында портрет Дора Мааранікі екенін ұққан.

Бұл әйелдің шын есімі - Теодора Маркович. Ол 1907 жылы дүниеге келген, танымал фотограф әрі суретші болған. 1936-1943 жылдары Пикассомен бірге тұрған. 1997 жылы 89 жасында өмірден өткен.

Портрет саудиялық миллиардер шейх Әбдул Мұқсен Абдолламәлік аш-Шейхке тиесілі «Корал Айленд» кемесінен ұрланған. Кеме сол тұста Антиб аралдарында жөндеуде тұрған деседі.

Бранд қандай картинаны іздеп жүргенін түйсінген сәтте туындыны білместікпен сатып алған адамдар арасында картина турасында ақпарат таратқан. Наурыздың басында голландиялық екі бизнес өкілі тұтынушыларының бірінде аталған картинаның барын Брандқа хабарлаған. «Тұтынушы картинаны заңды түрде сатып алдым деп ойлаған. Ақиқатында туындыға қатысты мәміле заңды түрде жүзеге асқан, ал төлемақысы – заңсыз» - Бранд.

Кейіннен мәміле жасасқандар картинаны тұтынушының Амстердамдағы пәтеріне қоқысқа арналған қалтаға орап, жеткізіп тастаған.Франция және Голландия полициясы картинаны білместікпен сатып алған тұтынушыға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын хабарлады. Қазіргі уақытта өнер туындысы сақтандырушылардың қолында.


Тегтер: Пикассо, живопись

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.