Шымкентте қоғамдық көлік отқа оранды

28 Наурыз, 2019 678 0

NewsROOM+. Шымкентте «Спартак» спорт кешенінің жанындағы аялдама маңында жолаушылар автобусы өртенді. Түс қайта, сағат 15:20-да №74 бағыттағы қоғамдық көлік отқа оранған. Бұл туралы Otyrar-ға сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

«101» диспетчеріне өрт туралы хабар келіп түскен. Қоңырау шалушы «Спартак» стадионына жақын жерде орналасқан аялдама жанында автобустың артқы жағы жанып жатқанын айтқан. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін жолаушылар салоннан шығып үлгерген.

Оқиға орнына үш өрт сөндіру техникасы келіп жетті. 14 минуттан кейін өрт оқшауланды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез арада ауыздықтап, ауыр зардаптарға жол бермеді.

Тегтер: шымкент, өрт, қоғамдықкөлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.