Павлодарлық отбасылы жігіт жас қызды кездесуге шақырып, тонап кеткен

28 Наурыз, 2019 597 0

NewsROOM+. Павлодарлық полицейлер кездесуге шақырған бойжеткенді қонақ үйге апарып, тонап кеткен отбасылы ер адамды тұтқындады.

Ұялы телефон мен ақшалай қаражатын белгісіз адамның ұрлап кеткені туралы полицияға әйел адамның арызы келіп түскен. Бойжеткеннің айтуынша, танысу сайтында Екібастұз қаласының жігітімен танысқан, екі апталық «онлайн-сөйлесуден» кейін оның қала ішінде қыдырып қайтуына шақыруын қабыл алады.

Осыдан кейін кешті қаланың қонақүйлерінің бірінде жалғастырады. Бойжеткен қыз жуынатын бөлмеге өткен уақытта жігіт оның ұялы телефоны мен ақшасын алып сол жерден кетіп қалады.

Танысқан уақытта басқа есіммен танысқанына қарамастан полицейлерге оның аты-жөнін анықтау қиынға түспеді. Жалған атпен танысқан «сері жігіт» 38 жасар Екібастұз қаласының тұрғыны, әйелі және балалары бар отбасылы адам болып шықты.

Қазіргі таңда «сері жігітке» қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияға осы сипаттағы арыздар жиі келіп түседі. Бейтаныс адамдармен осындай таныстықтар соңында ақша және ұялы телефон ұрлығы сынды келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.

Тәртіп сақшылары бейтаныс адамдармен таныстық кезінде сенімділік танытпай, аса абай болуды сұрайды. Танысқаннан кейін бейтаныс жігітіңіз/қызыңыздың қылықтары осындай келеңсіз жағдайларда қалдырып кетпеуі үшін сол адам туралы барынша анық-қанығына жетіп алуды өтінеміз.

Дерек көзі: hola news


Тегтер: павлодар, полиция, танысусайты

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.