Денсаулық сақтау министрі жүкті әйелдерге төленетін 425 мың теңге туралы айтты

02 Сәуір, 2019 1395 0

NewsROOM+. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның жүктіліктің 12-аптасына дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдерге 425 мың теңге берілетіні туралы бастамасын растады.

Мұндай норма денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасында қарастырылған. Өзгертулерге сәйкес, жүктілігі бойынша тіркеуге 12-аптаға дейін тұрған жүкті әйелдерге кемінде 10 ең төменгі жалақы мөлшерінің көлемінде материалдық ынталандыру төлемін енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап,newsroom.kz хабарлайды.

«Жаңа кодекстің аясында азаматтардың денсаулығына жауапкершілікен қарауына бағытталған шаралар кешенін талқылап жатырмыз. Бүгінде денсаулық деңгейі бойынша ахуал көрсеткендей, өкінішке орай, азаматтар өз денсаулығына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамай, көп жағдайда медициналық қызметкерлердің араласуын күтеді. Ең бірінші кезекте, бұл ынталандыру шарасы алдын алуға бағытталған», - дейді еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар министрлік уақытылы тіркеуге тұрмағаны үшін әкімшілік айыппұл салуды ұсынып отыр. 

Бүгінде өзгертулер қоғамда талқыланып жатыр. Заң жобасы жаз мезгілінде парламентте қаралатын болады. 



newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.


Тегтер: ЕлжанБіртанов, әлеуметтіккөмек, жүктілік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.