Қырғызстанның экс-премьеріне қылмыстық іс қозғалды

30 Мамыр, 2018 1101 0

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) кезекті тергеуінен шықты. Оған Қылмыстық кодекстің 303-бабы, 1-тармағы (коррупция) бойынша айып тағылды, деп хабарлады centralasian.org.

Бұл іс Бішкек жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау кезіндегі қаржының талан-таражға түсуіне байланысты.

"Наразылығымда шек жоқ. Олар бастапқыда осылай дайындалған. Менің есімімді әлеуметтік желіде, БАҚ-та қаралады. Мен осылай болжап едім ғой, басында. Алдымен олар антураж жасап, сосын сенен қылмыскер шығарады. Мен кешірім сұраймын, әрине. Бұл эмоциямнан болар. Қазір мен адвокатыммен тығыз байланысты жұмыс істеп, өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеймін. Бұл таза жала жабу, өзім де қайран қалып тұрмын", — деді ол журналистерге.

Сапар Исаков ешқашан да қытайлық ТВЕА компаниясының өкілдерімен кездеспегенін айтады. Ол тек Қырғызстандағы Қытай елшілігі өкілдерімен ресми түрде кездескен.

ҰҚМК осыған дейін хабарлағандай, Исаковтан елден кетпеу жөнінде қолхат алған.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, 2013 жылы ҚР президент аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезде, "Бішкек қаласы ЖЭС-ті модернизациялау" жобасын жүзеге асыру барысында, қызметін пайдаланып, аталған шетелдік компанияны мемлекеттік байқаудан жеңуіне көмектескен. Нәтижесінде мемлекетке орасан зор шығын келген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/Asia/20180530/5815649.html

Тегтер: сапар, исаков, қырғызстан, бішкек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.