"Қалаулым" шоуының жұлдызы үйленген соң бар ақшасын әйеліне беріп отыратынын мойындады

08 Сәуір, 2019 884 0

NewsROOM+. "Қалаулым" бағдарламасының алғашқы маусымында табысып, отау құрған Еркебұлан мен Жанеркені бүгінде Instagram оқырмандары жақсы таниды. Әр басқан қадамын жіті бақылап отыратын миллионнан аса жазылушыға екеуінің отбасылық өмірі қызық.

Көптің көкейіндегі сауалдарға жұп "Қалаулым" бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Еркебұлан достарымен бір жаққа баратын болса, Жанеркеден сұрана ма? Елді қызықтырған бұл сауалға азаматтың өзі жауап берді.

"Сәтпаев қаласында клубқа, ешқайда бармаймын. Балалармен гаражға кеттім деймін, сомен қалады. Ал моншаға бір жаққа барайын десем: "Мен де барам", - дейді. Достарыммен бір жерге жинала қалсақ: "Мені апармайсың ба?" - деп шығады. Сәтпаев қаласында үнемі өзіммен бірге ертіп жүремін. Өйткені онда туысы да, құрбысы да жоқ. Анам да "Еркебұланмен бар, ыдысты өзім жуа саламын" деп сыбырлайды екен", - дейді отағасы.

Бұдан өзге Еркебұлан үйде ақшаны кім ұстайтынын ашып айтты. 

"Кезінде мамандық бойынша ортопед-стоматолог болып жұмыс істегенмін. Сол уақытта күнделікті ақша ұстап жүретінмін. Қалай әйел алдым, бәрі құртылды ғой. Анда-мұнда кетіп қалады. Содан кейін "құрысын, өзің ұсташы" деп бердім. Бірақ кәдімгідей есебін сұрап аламын. 

Ата-анамыз кейде керегін айтуға ұялады ғой. Өзіміз жинап-жинап, ата-анамызға ұстатамыз", - дейді Еркебұлан. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: қалаулым, еркебулан, жанерке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.