Қазақстан президенттігіне кімдер үміткер бола алады?

09 Сәуір, 2019 670 0

NewsROOM+. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңының 54-бабында Республика Президентіне қойылатын талаптар нақты көрсетілген.

Президенттік сайлауға түсу үшін қойылатын талаптар:

  • Кандидат Қазақстан Республикасында дүниеге келген болуы керек;
  • Қырық жасқа толған;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгерген;
  • Соңғы он бес жыл бойы Қазақстанда тұратын;
  • Жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады;
  • Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Кезектен тыс сайлау қалай өтеді?

  • Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

Сайлауда кімдер дауыс бере алады?

  • Конституциялық заңға сәйкес президент сайлауы жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде өтеді. 
  • Дауыс беруге Республиканың кәмелетке толған азаматтары қатысады.
  • Президент бес жыл мерзімге сайланады.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезектен тыс президент сайлауы болатынын хабарлады.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.


Тегтер: тоқаев, сайлау, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.