Шетелде қызмет еткен дипломаттар президент сайлауына түсе ала ма?

10 Сәуір, 2019 721 0

NewsROOM+. Мәжіліс вице-спикері Тоқаевтың шетелдегі қызметі сайлауға түсуіне кедергі бола ма деген сұраққа жауап берді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде қызмет еткені президенттікке үміткер болуына кедергі болмайды. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан мен мәжіліс вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты.

Президенттікке үміткер 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар азамат болуы шарт. Мемлекет басшысы Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

"Бұл қызметіне байланысты болды. Қазақстан Республикасы қызмет бабымен жібергендіктен, кандидатурасын ұсынуға кедергі бола алмайды", - деді әділет вице-министрі Наталья Пан сәрсенбі күні тілшілерге.

Президент сайлауына кім түсе алмайды?

Осы жайтты мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева толығырақ түсіндіріп өтті.

"Заң бойынша Тоқаев та басқа дипломаттар сияқты сайлауға қатыса алады. Себебі ел аумағынан тысқары қызмет ету жұмыс сапары болып саналғандықтан, шетелде жұмыс істеуге жатпайды. Дипломаттардың бәрі басқа елде белгілі бір мерзімде жұмыс сапарында жүр. Сондықтан заң бойынша ешқандай кедергі жоқ", - дейді мәжіліс вице-спикері.

Айта кетсек, кеше 9 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жариялап, президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 

Тегтер: президент, сайлау, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.