Алматы – Нұр-Сұлтан трассасында жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты

11 Сәуір, 2019 555 0

NewsROOM+. Жол-көлік оқиғасы 10 сәуір күні Алматы – Нұр-Сұлтан трассасында болған деп жазады Zakon.kz.

Daewoo Gentra пен Mitsubishi Galant автокөліктері соғысқан. Алдын ала болжам бойынша, Daewoo Gentra Алматыға, Mitsubishi Galant елордаға бағыт алған. 

Белгісіз себептермен Daewoo Gentra жүргізушісі жолдың қарсы тарапына шығып кеткен. Galant жүргізушісі тежегішті басқанымен, тоқтап үлгере алмаған. 

Жол апаты салдарынан Daewoo Gentra автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болды. 

Mitsubishi автокөлігінде жүргізушінің әйелі мен балалары болған. Барлығы да ауруханаға жеткізілді. 

Жол апатының салдарын полицейлер анықтап жатыр.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 



Тегтер: нұр-сұлтан, жолапаты, трасса, алматы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.